Көлік вице-министрі Талғат Ластаев министрлер кабинетінің отырысында қазақстандық авиация нарығында жаңа шетелдік арзан әуекомпаниялар пайда болатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Көлік вице-министрі Талғат Ластаев елімізде жыл сайын халықаралық рейстер саны артып жатқанын айтты.
Сөзінше, 31 ел және 58 қаламен әуе қатынасы орнатылып, 119 бағыт бойынша рейстер орындалды.
"Өткен жылы 22 халықаралық бағыт бойынша 6 жаңа қалаға 12 рейс ашылды. Оның ішінде Мумбай (Үндістан), Жидда (Сауд Арабиясы), Прага (Чехия) және т.б. сияқты ірі орталықтар және 10 бағыт бойынша рейстер қайта жанданды", – деді ол.
2025 жылы 16 жаңа бағыт жоспарланып жатыр, оның ішінде Рим, Мюнхен, Будапешт, Шанхай, Гуанчжоу, Пусан (Корея) және т.б. бар.
"Жолаушыларға арналған бюджеттік бағыттарды таңдап, Қазақстанның халықаралық авиация нарығына 4 жаңа шетелдік арзан әуекомпаниялардың келеді. Бұл – SpiceJet (Үндістан), Eastar Jet және T’way Air (Оңтүстік Корея), ThayAirAsia (Таиланд)", – деді вице-министр.
Сондай-ақ, ол өткен жылы Қызылорда, Қостанай, Атырау әуежайларында "ашық аспан" режимі енгізілгенін және барлық халықаралық әуежайда жұмыс істейтінін айтты.