Қазақстанда төртінші адамнан коронавирус табылды

927

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда екі адамның коронавирус жұқтырғанын жеткізген еді.    

Қазақстанда төртінші адамнан коронавирус табылды

Германиядан ұшып келген Қазақстанның тағы бір азаматынан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп "Ашық алаң" бағдарламасында айтты.

"25 минут бұрын бізге шұғыл хабар келіп түсті. Германиядан келген ұшақта болған 1976 жылы туған ер адамнан коронавирус табылып, қазір ол стационарда ем алып жатыр. Осылайша науқастардың саны төртке жетті", –  деді Диас Ахметшәріп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу