Қазақстанда транзиттік жүк тасымалдарына кедендік тексеру алынып тасталмақ

1139

Бұл норманы заңнамалық түрде бекіту көзделіп отыр, деп хабарлайды inbusinnes.kz.

Қазақстанда транзиттік жүк тасымалдарына кедендік тексеру алынып тасталмақ

"Транзитке әкімшілік кедергілер өте қатты ықпал етеді. Көп жағдайда кедендік тексерулердің салдарынан пойыздар ұзақ тұрып қалады да (кейде тіпті 5 немесе 10 күнге дейін), мұның кесірінен жүк тасымалының мерзімі бұзылып, Қазақстан аумағы арқылы транзиттік жүк тасымалын жүзеге асырудың тартымдылығына көлеңке түсуі ықтимал", дейді ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов ОКҚ алаңында.

Бұған жол бермес үшін экономикалық сипаттағы тікелей қауіп болмаса (кедендік салықты төлеу міндетінен, транзиттік декларацияны рәсімдеу кезінде кедендік пошлинадан жалтармаса) темір жол көліктері арқылы тасымалданатын жүктерге кедендік тексеру жүргізуге тыйым салуды заң жүзінде бекіту көзделіп отыр.

Аян Бекенұлы 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу