Соңғы 5 жылдың ішінде елімізде туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 2 есе төмендеді, деп жазады inbusiness.kz.
"100 мың халыққа шаққанда туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 2018 жылғы 81,7-ден 2022 жылы 36,5-ке дейін төмендеді. Ал өлім-жітім көрсеткші 2018 жылғы 7,4-тен 2022 жылы 1,6-ға дейін төмендеді. 2023 жылдың 8 айындағы көрсеткіштерді талдау кезінде туберкулезбен сырқаттанушылықтың 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға төмендеуі байқалады.
Осылайша 100 мың тұрғынға шаққанда 35,6 болды. Сондай-ақ өлім-жітімнің 20%-ға төмендеуі байқалады, бұл 100 мың халыққа шаққанда 1,2-ді құрайды", - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Бұл еліміз бойынша эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанғанын көрсетеді.