Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім соңғы 10 жылда бес есе азайды

109

Бұл туралы "Туберкулез" компоненті бойынша Жаһандық қор грантын іске асыру тобының менеджері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Шахимұрат Исмайылов мәлімдеді. 

Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім соңғы 10 жылда бес есе азайды Фото: Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазақстанда кейінгі он жылда туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші бес есе төмендеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Оның айтуынша, 2014 жылы туберкулезден болатын өлім-жітім 100 мың тұрғынға шаққанда 4,9 жағдайды құраса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 0,9-ға дейін азайған. Осы кезеңде аурудың таралу деңгейі де 2,5 есе қысқарып, 100 мың тұрғынға шаққанда 105,9-дан 38,9-ға дейін төмендеген.

Шахимұрат Исмайылов бұл нәтижелер Ұлттық туберкулезге қарсы бағдарламаны жүйелі түрде іске асырудың арқасында мүмкін болғанын атап өтті. Оның сөзінше, молекулалық-генетикалық диагностика әдістерін енгізу, тиімділігі жоғары жаңа препараттарды қолдану және профилактикалық шараларды күшейту маңызды рөл атқарған.

– Қазақстанда туберкулезді анықтаудың жедел молекулалық-генетикалық әдістері кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Сонымен қатар тиімділігі жоғары жаңа препараттар қолданылып, профилактика тетіктері жетілдірілді. Бұл END TB стратегиясының мақсаттарына сенімді түрде ілгерілеуге мүмкіндік береді, – деді ол Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ профессор туберкулезбен күреске бағытталған инвестициялардың экономикалық тиімділігіне де тоқталды.

– Туберкулезбен күреске салынған әрбір доллар медицина саласы үшін ғана емес, жалпы экономикаға 43 АҚШ доллары көлемінде пайда әкеледі. Ұлттық бағдарламаны тұрақты қаржыландыру денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға ықпал етеді, – деді Шахимұрат Исмайылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу