Осылайша, қалалар мен облыстардың әкімдіктеріне медициналық ұйымдарды 2022 жылғы 3 қазаннан бастап тұмауға қарсы иммундау науқанын өткізуге дайындау тапсырылды.
Сонымен қатар медициналық ұйымдардың эпидемиологиялық маусым кезеңінде ЖРВИ және тұмаумен ауыратын науқастарды қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету;
Аумақта және ғимаратта тиісті көрсеткіштері бар кіреберісте "сүзгілерді" ұйымдастыру және жабдықтау;
Келушілердің емханада болу уақытын шектеу, науқастарды қабылдау үшін қосымша кабинеттер бөлу;
Мобильді бригадалардың үйде шақыруларға қызмет көрсетуі үшін жағдай жасау;
Медициналық ұйымдардың үй-жайларында кемінде +18 °с, перзентхана блогының үй-жайларында кемінде +22 °С температуралық режимді қамтамасыз ету шараларын өткізу міндеттеледі.
Қаулы 2022 жылғы 21 қыркүйектен бастап күшіне енді.