Қазақстанда түнде -5 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде

616

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК таратқан хабарламада айтылған. 

Қазақстанда түнде -5 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде

10-12 қазанда оңтүстік және шығыс облыстарды қоспағанда, Қазақстанның барлық аумағында түнде аяз күтіледі, солтүстік жартысында жаңбырдың арты қарға айналады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Республиканың батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы түнде -5...+7, батыста күндіз +5...+18, түнде -5...+5 дейін төмендейді. Ал солтүстік пен орталықта +5...+13° температураны көрсетеді.

"Оңтүстікте жаңбыр жауып, жел күшейеді. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі", - деп хабарлады гидрометеорологиялық орталықтан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу