Бұл дода еліміздегі ұлттық зияткерлік спортын жаңа деңгейде жандандырып, қарқынды дамуына тың серпін береді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған турнирде Қырғызстан және еліміздің түкпір-түкпірінен келген ең үздік 30 спортшы тоғызқұмалақтан бақ сынап жатыр.
Жарыстың тарихи жаңалығы алғаш рет жасанды интеллект спортшылармен бірге ой сайысына қатысуда. Цифрлық технология мен дәстүрлі зияткерлік ойынның бір арнада тоғысуы ұлттық спорттың заманауи бағытта дамып келе жатқандығын көрсетеді.
Жасанды интеллект пен адам арасындағы бұл тартысты дода тоғызқұмалақ спортының барлық мүмкіндігін кеңейтіп, оның ғылыми әрі технологиялық қырын тереңдете түсуде.
Турнир барысында алдағы халықаралық және республикалық жарыстарға қатысатын үздік спортшылар анықталмақ. Жарыс жеңімпаздары 6 наурыз күні белгілі болады.