Қазақстанда тұрақты авиациялық отын өндіру жобасы жүзеге аспақ

116

Елімізде SAF тұрақты авиациялық отынды өндіру жобасы басты назарда.

Қазақстанда тұрақты авиациялық отын өндіру жобасы жүзеге аспақ Фото: Энергетика министрлігі

ҚР Энергетика министрлігінде Вице-министр Қайырхан Тұтқышбаевтың Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Еуропалық және Солтүстік Атлант аймақтық бюросының директоры Николя Ралло мырзамен кездесуі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесуде тараптар авиация саласын тұрақты дамыту мәселелерін, соның ішінде Қазақстанда тұрақты авиациялық отын SAF (Sustainable Aviation Fuel) өндіру және енгізу перспективаларын талқылады.

Вице-министр атап өткендей, Қазақстан "жасыл" трансформация процесіне белсенді қатысуда, жаңартылатын энергия көздерін және экологиялық тұрақты жобаларды дамытуға баса назар аударып отыр. Тұрақты авиациялық отын өндіру мен дамыту – елдің авиация секторындағы  шығарындыларды азайтудың маңызды бөлігі болмақ.

Энергетика министрлігі американдық LanzaJet компаниясымен бірлесіп тұрақты авиациялық отын өндіру жобасын іске асыруға мүдделі.

Қайырхан Тұтқышбаевтың айтуынша, отандық мұнай өңдеу зауыттары қысқа мерзім ішінде Jet A-1 маркалы авиаотын өндірісіне көшуге дайын.

Бұдан бөлек, қазіргі уақытта отандық зауыттарда авиаотын өндіру көлемін 2026 – 2032 жылдар аралығында 1,7 млн тоннаға дейін арттыруды көздейтін ірі жобалар жүзеге асуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу