Қазақстанда тұратын шетелдіктердің тұруына қатысты ережеге өзгерістер енгізілді

546

Енді олар жарамдылық мерзімі 180 күнді құрайтын құжат ұсынуы қажет.  

Қазақстанда тұратын шетелдіктердің тұруына қатысты ережеге өзгерістер енгізілді Фото: polisia.kz

Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына рұқсаттар ресімдеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда олармен көші-қон келісімдері бар елдердің азаматтары біздің елімізге ішкі құжаттармен кіре алады, шыға алады, транзитпен өте алады, жүре алады және уақытша бола алады.

Алайда шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруына рұқсат алуы үшін шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын және олардың құқықтық мәртебесін растайтын құжат ретінде шетелдік паспорт қажет.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру үшін 6 қаңтарда ІІМ бұйрығымен тұрақты тұруға рұқсаттар ресімдеу қағидаларына өзгерістер енгізілді.

"Енді шетелдіктерге тұрақты тұруға өтініш берген күні жарамдылық мерзімі кемінде 180 күнтізбелік күнді құрайтын өзінің шетелдік паспортын ұсыну қажет. Уақытша тұруға рұқсаттар алу үшін тұрғын үй иесінің, оның атынан сенімхат бойынша әрекет ететін адамның баруы не болмаса меншік иесінің нотариалды расталған келісімі қажет", - делінген хабарламада.

Өзгерістерге сәйкес рұқсатты ресімдеген кезде көрсетілетін мекенжайда оның тіркеу коды болуы тиіс. Осы шаралар шетелдіктерді жоқ мекенжайларға, сондай-ақ өтініш иесіне қатысы жоқ мекенжайларға тіркеу мүмкіндігін жою мақсатында қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу