Қазақстанда тұрғылықты жерге тіркеу үшін төленетін мемлекеттік баж салығы алынып тасталды

1174

Қазақстанда тұрғылықты жерге тіркеу үшін төленетін мемлекеттік баж салығы  алынып тасталды

2018 жылдың 19 қаңтарында жаңа Салық кодексі күшіне енді, оның міндеті идеологияны өзгерту мен жеңілдету. Жаңа Салық кодексінің жаңашылдығының  бірі –тұрғылықты жерге тіркеу үшін төленетін мемлекеттік баж салығы  алынып тасталды. Бұл туралы ҚР ҰЭМ баспасөз-қызметі хабарлады.

Еске салар болсақ, ҚР заңына сәйкес  әрбір азамат тіркеуде тұру керек. Азаматтың тіркелген жері  оның заңды мекенжайы болып есептеледі. Тіркеуге тұратын жер міндетті түрде өз пәтерің болу міндет емес.

Тіркеуге тұруға қатысты барлық рәсімдер "Халықтың көші-қоны туралы" заңмен, Азаматтық кодекспен, ҚР үкіметінің 2011 жылдың 1 желтоқсанындағы №1427 ішкі мигранттарды тіркеу және ҚР үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерту енгізу ережесін бекіту туралы қаулысында көрсетілген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу