Қазақстанда тұрғын үй нарығындағы баға қалай өзгерді?

505

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 

Қазақстанда тұрғын үй нарығындағы баға қалай өзгерді? Фото: Myfin.by

Бір жылда қайталама нарықтағы пәтерлерді қайта сату бағаcы – 18,7%, жаңа тұрғын үйлерді сату 14%-ға артты. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға беру төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы қаңтарда 34,3% өсті, деп жазады inbusiness.kz.

Жаңа пәтерлер нарығында Ақтау (28,2%), Ақтөбе (25,4%), Петропавлда (20,9%) жылдық мәнде бағаның айтарлықтай өсімі байқалды.

"Қайталама нарықтағы пәтерлер нарығында Семей (46,8%), Қызылорда (38,8%), Ақтөбе (37,3%), Ақтау (35,4%), Талдықорған (32,9%), Қостанай (31%) қалалары көш бастады. Тұрғын үйді жалға алу нарығында баға Қостанай (55,6%), Көкшетау (55,1%), Алматы қалаларында (50,7%) жоғары өсім көрсеткен", - делінген хабарламада.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір ай ішінде (2023 жылғы қаңтарда 2022 жылғы желтоқсанға қарағанда) жаңа тұрғын үйді сату бағасы – 0,7%, қолданыстағы пәтерлер саудасындағы баға 0,3%-ға өсті. Тұрғын үйді жалға беру нарығында баға 2,5%-ға төмендеді.

Қаңтар айында үйлердің орташа бағасы шаршы метр үшін:

  •  Жаңа тұрғын үй – 481 891тг
  •  Қайталама нарықтағы пәтерлер – 515 019 тг
  •  Жалға беру – 4 671 тг
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу