Жылжымайтын мүлік саудасы ресурсының мәліметі бойынша, өткен бір жыл ішінде, яғни 2018 жылдың қазан айынан 2019 жылдың қазанына дейінгі аралықта тұрғын үйлерді сатып алу-сату өсімі 14%-ды құраған. Ең жоғары өсім динамикасы Қызылорда (+ 56,7%), Алматы (+ 47,9%) және Жамбыл (+ 31,9%) облыстарында тіркелген. Шымкент қаласында тұрғын үй мәмілелері саны 15,1%-ға артқан. Алматыда шамалы өсім байқалды (+ 0,6%).
Ал тұрғын үй саудасының төмендеу көрсеткіші Маңғыстау облысында (-8,2%) және Нұр-Сұлтан қаласында (-2,2%) тіркелген.
Бір ай ішіндегі өзгерістерге келсек, қазан айында қыркүйекпен салыстырғанда мәмілелер саны 6.2% өсіп, 31 092 тұрғын үй алыс-берісі жасалған. Өткен айда ең жоғарғы өсім Батыс Қазақстанда (+17,6%), Қостанай (+15,2%) және Атырау (+14,6%) облыстарында байқалды. Нұр-Сұлтанда бұл көрсеткіш бір ай ішінде 10,6%, Шымкентте 4,5% және Алматыда 2,6% өсті. Теріс динамика Қызылорда мен Шығыс Қазақстан облыстарында. Бұл өңірлердегі төмендеу көрсеткіші –11,7 және –0,7%.
Саудаланған 31 092 тұрғын үйің 22 612-і пәтер, ал 8 480 жекеменшік үйлер. Жалпы, биылғы жылдың он айында елімізде 266 310 тұрғын үйлерді сату-сатып алу мәмілелері тіркелген.
Нұржан Көшкін