Қазақстанда тұрғындарды фото-видеоға түсіруге тыйым салу қарастырылып жатыр

Мұндай мәліметті мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева хабарлады.  

Қазақстанда тұрғындарды фото-видеоға түсіруге тыйым салу қарастырылып жатыр Фото: versiya.info

Десе де, аталған тыйымның шенеуніктерге қатысы жоқ, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Министрдің сөзінше, дәл осы мәселе бойынша жұмыс тобы құрылуда.

– Біз адамдарды рұқсатсыз әр жерде суретке түсіре беруге шектеу қою мәселесін қарастырып жатырмыз. Әрине, қызметтік міндетін атқарып жүрген лауазымды тұлғалар, мемлекеттік қызметшілер бар, біз оған үйреніп кеттік. Бірақ пранк түсіретіндер, рұқсатсыз жүргізілетін жеке түсірілімдер бар. Осы норманы сіздермен бірге талқылаймыз, – деді Балаева Сенат кулуарындағы сөзінде.

БАҚ өкілдері министрден "бұл норма шенеуніктерді қорғау үшін емес пе?", – деп сұраған.

– Біз ол жағдайға баяғыда үйреніп кеттік. Біздің жеке өміріміз де, туыстарымыз да жоқ, өйткені қайда барсақ та бізді бәрібір түсіреді. Бірақ, біз де – осы елдің азаматымыз. Сондықтан, бұл  шенеуніктерге қатысты мәселе емес, жалпы осы саланы реттеу туралы. Сол себепті, бұл ұсынысты бірге талқылайық, – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу