Қазақстанда тұрғындары ең жас өңірлер белгілі болды

929

Жыл басындағы көрсеткішті бір жыл бұрынғымен салыстырғанда жасөспірімдер санының 2,9%-ға өскенін байқауға болады.

Қазақстанда тұрғындары ең жас өңірлер белгілі болды

Елімізде халықтың 30 пайызын балалар мен жасөспірімдер құрап отыр, сәйкесінше баспанаға да сұраныс артқан, деп жазады Finprom.kz агенттігі.

Жыл басында елімізде 15 жасқа дейінгі 5,49 миллион бала мен жасөспірім болды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,9%-ға, ал бес жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 17,3%-ға артық. Қазіргі таңда ел халқының 29,9%-ын жастар құрайды. Аталған көрсеткіш 2018 жылы – 29,4%, 2014 жылы 27,3% болатын.

Еліміздің 17 өңірінің 8 аймағында балалар мен жасөспірімдер халықтың 30%-нан асып отыр. Қазақстандағы жастар ең көп тұратын өңір –Түркістан мен Маңғыстау облысы. Мысалы оңтүстікте 15 жасқа дейінгі жастар 39,6% болса, ал Маңғыстау облысында 36,6%-ды құрап отыр.

Сарапшылардың айтуынша, ел тұрғындарының төрттен бірі бір үйде тұрып жатыр, тіпті бұдан да көп болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу