Қазақстанда туристік кэшбек мөлшерін белгілеудің жаңа механизмі ұсынылып отыр

361

Механизм "төмен" маусым кезеңіндегі турларға бағытталған, бұл -  бизнесті, халықты және нөмірлік қордың толымдылығын қолдау мақсатында ұсынылып отыр. 

Қазақстанда туристік кэшбек мөлшерін белгілеудің жаңа механизмі ұсынылып отыр Фото: inbusiness.kz

Жоба бойынша кэшбэк мөлшерін туристердің қанша күн демалғанына байланысты белгілеу ұсынылады. Мәселен, 1 түнеген туристке тур құнының 5%-ы мөлшерінде өтемақы төлеу ұсынылады. Ал, 2 күн демалып, түнесе тур құнының 10%-ын, 3 күн түнесе 15%-ын қайтарып алады. Ең жоғары - 20% кэш бек 4 және одан артық күн демалғандарға беріледі.

Туристік кэшбек туроператорлармен қатар маркетплейстерден сатылып алынған турларға да төленеді. Маркетплейстер кэшбэкті өз қаражаты есебінен төлейді. Мемлекет кейін бұл шығынды өтеп береді.

Ал, туроператордан офлайн форматта сатып алған жағдайда мемлекет кэшбекті тікелей туристке қажетті құжаттар мен өтінімді жинақтап жолдаған бетте оның есепшотына жіберетін болады.

Бүгінгі таңда аталған ережелер жобасы әзірленіп, туристік нарық өкілдерімен талқылау жүріп жатыр.

Механизм аясында жобаға қатысушыларға ең төменгі талаптар қойылып отыр. Туроператорлар үшін ол - ішкі туризм саласындағы туроператорлық қызметке лицензияның болуы. Ал, маркетплейс -отандық өнім және турист пен туроператор үшін ыңғайлы болуы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу