Арыз-шағымның көбейіп кетуіне байланысты тұтынушылар құқығын қорғау шараларын күшейтіледі. Бұл туралы республикалық Туризм индустриясы комитеті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Туристер жосықсыз ұйымдар мен жеке тұлғалардың алаяқтық әрекеттері туралы хабарлап, реттеуші органдардың назар аударуын талап етуде. Комитеттің ақпаратына сәйкес, алаяқтықтың барлық анықталған фактілері бойынша тергеу жүргізу үшін құқық қорғау органдарына өтініштер жолданады.
"Азаматтарды туристік компанияларға жүгінер алдында қырағы болуға және туристік агенттіктің лицензиясы бар-жоғын тексеруге шақырамыз. Ел тұрғындары алаяқ компанияларға алданып қалмау үшін Туризм индустриясы комитетінің сайтында сенімді туроператорлардың, турагенттердің, гидтердің және экскурсоводтардың тізімі орналастырылған. Бұл туристерге сапарларын тексерілген және сенімді туроператорлармен ұйымдастыруға көмектеседі", – делінген хабарламада.
Қазір Туризм индустриясы комитеті 50-ден астам сот ісіне үшінші тарап ретінде қатысып жатыр. Оның ішінде 40-қа жуық істе талапкерлер үшін оң шешім қабылданды. Жуырда сот турагенттер мен туроператорлардың біріне қарсы істі қанағаттандырып, агенттікті тізімнен шығарып, лицензиясынан айырды.