Қазақстанда туроператорлар саны 3,5 есеге қысқарды

657

Қазақстанда 380 туроператордың жұмыс істеуге лецензиясы бар, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Қазақстанда туроператорлар саны 3,5 есеге қысқарды Фото: atameken.kz

Мәдениет және спорт министрілгінің мәліметінше, Алматы, Астана және Шымкент орналастыру орындарында қызмет көрсетілген туристер санымен көш бастап тұр. 2022 жылы Қазақстанда орналастыру орындарының қызметтерін пайдаланған туристердің жалпы саны 7,3 млн адамға жетті. Бұл санның 45% - дан астамы үш мегаполиске тиесілі. Сонымен қатар, тек ішкі туристердің жалпы саны 8,6 млн адамды құрады.

Мәселен, Алматыда бұл көрсеткіш 1,8 млн адамға (417,4 мың — шетелдік туристер), Астанада — 1,2 млн-ға жуық адамға (238,5 мың шетелдік) жетті, ал Шымкентке 450 мыңға жуық демалушы (36,5 мың шетелдік) келген.

Ішкі және сырттан кірген туристер ең аз аялдаған өңірлердің қатарында Ұлытау облысы бар. Мұнда 25 мыңнан астам адам тоқтаған. Бұдан кейін Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары тұр. Аталған екі өңірдегі орналастыру қызметтерін 100 мың адам пайдаланған.

Айта кетейік, 2029 жылға дейін Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстандағы ішкі туристер санын 11 млн адамға, ал сырттан келетін туристер санын 4 млн адамға дейін жеткізуге ниетті. Ол үшін жақында қабылданған туристік саланы дамыту тұжырымдамасында нақты іс-шаралар көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу