Қазақстанда тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен тағайындалады

Ол тұтынушылардың шағымдарын қарайды. 

Қазақстанда тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен тағайындалады Фото: pexels

Қазақстанда тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен тағайындалады. Ол тұтынушылардың шағымдарымен айналысатын, кеңес беретін, осы саладағы мемлекеттік институттарды үйлестіретін және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады.

Бұл нормалар Мәжіліс талқысына түсіп жатқан "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заң жобасы мен ілеспе құжатта бекітілген.

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсмен институты тағайындалған тұлғаға ерекше қоғамдық мәртебе береді. Ол биліктің жоғарғы эшелонында тұтынушылар қауымының "көзі" мен "үні" болады, қоғамның үйлестірушісі болады", - деп түсіндірді депутаттарға Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу