Қазақстанда тұзды неге көп пайдаланады

1885

Еуропа мемлекеттерімен салыстырғанда, тұз тұтыну бойынша бірінші орынға шығуымыздың себебін мамандар оның арзан әрі қолжетімді болуымен түсіндіреді.

 Қазақстанда тұзды неге көп пайдаланады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері қазақстандықтардың тұзды тым көп пайдаланатынын айтып, дабыл қақты. Бұл туралы Almaty.tv хабарлады.

Мамандардың есептеуінше, адам күніне кем дегенде 2-5 грамм шамасында ас тұзын тұтынуы керек. Ал еnergyprom.kz деректеріне сүйенсек отандастарымыз тәулігіне 20 грамм тұз пайдаланады екен. Еуропа мемлекеттерімен салыстырғанда, тұз тұтыну бойынша бірінші орынға шығуымыздың себебін мамандар оның арзан әрі қолжетімді болуымен түсіндіреді.

Расында, тұз өндіру көрсеткіші Қазақстанда бір жылдың ішінде 25 пайызға артқан. Бұл – шамамен 111 мың тонна өнім. Оның 70 пайызы экспортқа шығады. Соңғы жылы тұз бағасы 2 пайызға қымбаттаған. Бүгінде тауардың 97 пайызы Қызылорда өңірінде өндірілсе, 2 пайызы – Тараз, 1 пайызы Түркістан облысында шығарылады екен.

Дәрігерлер тұзды аса көп мөлшерде пайдалану денсаулыққа зиян, тіпті өмірге қауіпті екенін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу