Қазақстанда Twitter алда келеді

731

Үздік үштікке YouTube пен Facebook те енді.  

Қазақстанда Twitter алда келеді

Елдегі ең танымал әлеуметтік желі – Twitter, нарықтағы үлесі бір жылда 6%-дан 17%-ға дейін өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Statcounter Global Stats мәліметтері бойынша әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі – Facebook (2021 жылғы тамызда), желінің нарықтағы үлесі – 73,27%. Кейін тізімде Twitter (8,91%), Pinterest (7,22%), YouTube (4,72%) әлеуметтік желілері тұр.
Қазақстанда ең танымал әлеуметтік желі рейтингісінде Facebook үшінші орында тұр: нарықтағы үлесі – 14,85%. Көшбасында – Twitter (16,56%) және YouTube (16,07%). Сондай-ақ нарықтағы айтарлықтай үлес Instagram (13,92%), VK (13,7%) және Pinterest (13,52%) сынды әлеуметтік желілерге тиесілі.

Әлеуметтік желілердің танымалдығы пайдаланушылардың қандай құрылғы арқылы қолданатынына да байланысты. Мысалы, қазақстандықтар Twitter (17,1%), Facebook (16,4%) және Instagram (16,11%) желілеріне ұялы телефондары арқылы жиі кіреді.
Компьютерлер немесе ноутбуктерден кіретін ең танымал әлеуметтік желілер – YouTube (39,22%), VK (16,86%) және Twitter (12,79%).

Интернет абоненттерінің саны интернет абоненттері үшін де, ұялы байланыс сегментінде де өсіп жатыр.

Тіркелген интернет абоненттерінің саны бір жылда 8,2%-ға немесе 2,49 млн-нан 2,7 млн-ға (2021 жылғы тамыздың соңына қарай) өскен. Интернетке қолжетімділігі бар ұялы байланыс абоненттерінің саны 6,1%-ға немесе биыл 15,3 млн-нан 16,23 млн-ға дейін артқан.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу