Тек ел астанасында үй шаруашылығының шығыстары өткен жылмен салыстырғанда қысқарған. Басқа облыстарда, керісінше, өсім байқалады. Бұл туралы Finprom.kz басылымы хабарлайды.
2019 жылдың үшінші тоқсанында еліміздегі үй шаруашылығына жұмсалатын қаражат мөлшері 10,1 пайызға артып, 569,6 мың теңгеге жеткен. Естеріңізге сала кетейік, инфляция деңгейі осы уақытта небәрі 5,4% болған.
Орташа есеппен алғанда, соңғы бес жылда үй шаруашылығына кететін қаржы әр жыл сайын шамамен 8,2 пайызға өсіп отырған.
Осы көрсеткіш бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Өткен жылдың үшінші тоқсанында шығыс көлемі 677,9 мың теңгеге дейін өскен. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 18%-ға көп. Одан кейінгі орындарда Атырау облысы(659,7 мың теңге), Қарағанды облысы (645,8 мың теңге), Нұр-Сұлтан қаласы (644,5 мың теңге) және Маңғыстау облысы(641 мың теңге).
Үй шаруашылығы шығыстарының 92% тұтынушылық шығыстардың үлесіне тиесілі. Оның жылдық көрсеткіші 10,3%-ға өскен. Тұтынушылық шығыстар ішіндегі азық-түлікке жұмсалатын қаржы көлемі 14,1%-ға дейін жеткен.
Табиғат Нұрболат