Үй жануарларының цифрлық паспорты әзірленді

147

Енді үй жануарларына арналған цифрлық паспорттар eGov Mobile қосымшасында қолжетімді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Үй жануарларының цифрлық паспорты әзірленді Фото: canva

Жаңа қызмет туралы толығырақ "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ хабарламасында айтылған.

Цифрлық құжаттар бөлімінен ит, мысық және басқа да жануарлардың жеке мәліметтерін көруге болады.

Ақпараттар үй жануарларын есепке алудың бірыңғай деректер базасы – TABAN жүйесінен алынады.

Паспортта жануардың жеке және құжат нөмірі, аты, түсі, тұқымы, жынысы, туған күні, ерекше белгілері, тіркелген және нақты тұратын мекенжайы, иесінің аты-жөні мен ЖСН-і, сондай-ақ чиптеу, вакцинация мен стерилдеу деректері көрсетіледі.

Қызметті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile қосымшасына кіріп, авторизациядан өту керек;

  • "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, "Басқа құжаттар" ішінен жануар паспортымен танысуға болады;

  • Құжат көрінбесе, "Құжаттарды жаңарту" батырмасын басу қажет.

ҰАТ мәліметінше, бұл жаңалық жануарларды тіркеуді жеңілдетіп қана қоймай, қаңғыбас жануарлар санын азайтуға және иелерінің жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Цифрлық төлқұжат ветеринарлық клиникаларда, сапар кезінде, көрмелерге қатысқанда немесе жануар жоғалған жағдайда пайдалы болмақ.

2024 жылғы наурыз айындағы дерек бойынша жүйеде 224 мыңнан астам үй жануары тіркелген, оның ішінде 20 мыңнан астамы – иесіз жануарлар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу