Қазақстанда ұл балаларға адам папилломасы вирусына қарсы вакцина егу жоспарланып отыр

359

Жаңа бастама вирустың таралуын азайтып, бірқатар онкологиялық аурулардың алдын алуға бағытталған.  

Қазақстанда ұл балаларға адам папилломасы вирусына қарсы вакцина егу жоспарланып отыр Фото: Караван

Қазақстанда 2028 жылдан бастап ұл балаларды адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау жоспарлануда. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның мәліметінше, вакцина жыныс мүшесі мен тік ішек қатерлі ісігі сияқты бірқатар онкологиялық аурулардың алдын алуға көмектеседі. Сонымен қатар ұл балаларды егу вирустың таралуын азайтып, қыздар мен әйелдерді жанама түрде қорғауға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі 11 жастағы ұлдарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау бағдарламасына қосу мәселесін қарастырып жатқанын хабарлаған болатын.

Қазіргі уақытта Қазақстанда адам папилломасы вирусына қарсы вакцина 11-13 жастағы қыздарға салынып жатыр. Ал биылдан бастап 14-17 жас аралығындағы қыздар да тегін екпе алу мүмкіндігіне ие болды.

Министрліктің дерегінше, 2026 жылдың мамырына дейін профилактикалық мақсатта 398 мыңға жуық қыз бала АПВ-ға қарсы вакцина алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу