Қазақстанда ұлттық валютамен несие алатындар көбейді

963

Қазақстанда ұлттық валютамен несие алатындар көбейді

Ұлттық валютамен берілген несиелердің көлемі бір айда 2,5%-ке артып, 9 485,3 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғаларға берілген несие 3,2%-ке, жеке тұлғаларға 1,6%-ке өсті, деп хабарлайды 7kun.kz.

2017 жылғы қыркүйектің соңында банктердің экономиканы несиелендіру көлемі 13 222,5 млрд теңгені құрады (бір ай ішінде 1,4%-ке өсті). Оның ішінде заңды тұлғаларға берілген несие көлемі — 8 779,3 млрд теңге (1,4% өсім), жеке тұлғаларға берілген несие көлемі — 4 443,2 млрд теңге (1,5% өсім).

Шетел валютасымен берілген несиелердің көлемі 3 737,2 млрд теңге (1,2% азайған) болды. Оның ішінде заңды тұлғаларға берілген несие — 1,3%-ке, жеке тұлғаларға — 0,4%-ке азайған.

Теңгемен берілген несиенің үлес салмағы бір айда 71,0%-тен 71,7%-ке дейін ұлғайды. Ұзақ мерзімді несие көлемі 11 107,6 млрд теңгеге дейін 1,3%-ке, қысқа мерзімді несие көлемі 2 115,0 млрд теңгеге дейін 2,1%-ке көбейген.

Салалар бойынша банктердің экономикаға берген несиелердің ең қомақты сомасы сауда (жалпы көлемдегі үлесі – 18,3%), өнеркәсіп (14,3%), құрылыс (7,5%), ауыл шаруашылығы (5,9%) және көлік (4,5%) сияқты салаларға тиесілі.

Банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген несиелер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 13,1% (2016 жылғы желтоқсанда – 14,5%), жеке тұлғаларға берілген несие бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 18,8% (18,4%) болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу