Қазақстанда "үнді" штамына байланысты локдаун жариялануы мүмкін бе?

738

Премьер-министрдің орынбасары елдегі вакцинациялау қарқынына көңілі толмайтынын жеткізді. 

Қазақстанда "үнді" штамына байланысты локдаун жариялануы мүмкін бе?

Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілердің сұрағына жауап берген Ералы Тоғжанов әзірге локдаун жариялау туралы мәселе көтерілмегенін атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазіргі кезде республика аумағында локлдаун енгізу туралы еш мәселе көріп отырған жоқпыз. Ол күн тәртібінде де жоқ. Кеше ведомствоаралық комиссия отырысында Нұр-Сұлтан қаласында нақты шектеу шараларын қабылдадық. Сөз жоқ, оның бәрін алдын алу шаралары деп айтуға болады. Оның ішінде нақты объектілер мен қызмет көрсету саласына, халық көп жиналатын сауда орталықтарына байланысты бірқатар шаралар қабылданды. Сондықтан қазір осы шектеулер бойынша жұмыс істей береміз. Әрі қарайғы шешім қабылдауымыз елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады", – деді Ералы Тоғжанов.

Сонымен қатар ол елдегі вакцинациялау қарқынына көңілі толмайтынын жеткізді. Айтуынша Қазақстанда 2,4 млн доза вакцина қоры бар, алдағы апталарда тағы 2 млн вакцина жеткізілмек. 

"Біздің басты міндетіміз – азаматтарға вакцина алуды қолжетімді ету. Қазіргі уақытта Қазақстанда 2,4 млн доза вакцина қоры бар. Оған қосымша екі аптада тағы 2 млн вакцина жеткізуді қамтамасыз етеміз. Шындығында, вакциналау қарқыны көңіл көншітпей отыр. Мұны бәріңіз жақсы білесіздер. Бұл бірқатар облыстар мен Нұр-Сұлтан қаласына қатысты. Сондықтан, вакциналау санын арттыру талаптары күшейеді, тәулігіне 70 мың дозаға дейін жеткізу міндетін қойып отырмыз. Осы межеге ұмтылатын боламыз", – деді Ералы Тоғжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу