Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жақында Қырғызстанда жергілікті тұрғындар шетелдік студенттерге, оның ішінде Пәкістаннан келген білім алушыларға шабуыл жасаған болатын. Журналист министрден осы жағдайдан кейін елімізде қандай іс-шаралар қолға алынғанын сұрады.
"Қырғызстанда шет мемлекеттерден келген азаматтардың үлкен саны оқып жатыр. Оның ішінде Үндістан мен Пәкістандық студенттер. Бізде Үндістан мен Пәкістаннан келген студенттердің саны 12 мыңға жуықтайды. Олардың дені – индустар. Пәкістаннан келген студенттер саны айтарлықтай көп емес. Көрші елдегі жағдайға байланысты қандай іс-шаралар қолға алынғанына келсек, біріншіден, шетел азаматтары оқып жоғары оқу орындарының барлық ректорымен жиналыс өткіздік. Шетел студенттері тұрып жатқан жатақханаларда тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылды. Өздеріңізге белгілі, негізінен Үндістан мен Пәкістан азаматтары медициналық, инженерлік мамандықтарды білім алып жатыр", - деді Саясат Нұрбек.
Үндістандық мен пәкістандық студенттер Семейдегі, Қарағандыдағы медицина академияларында, "Астана" халықаралық университетінде және т.б. оқиды.
"Барлық жерде кезекшілік ұйымдастырылды", - деп жауап берді ведомство басшысы.