Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті үндістандық "Десилмакс" препаратын қолдануға тыйым салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тиісті құжат ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің сайтында жарияланды.
"100 мг-дық "Десилмакс" дәрілік препаратын медициналық мақсатта қолдануға тыйым салынсын және айналымнан алынып тасталсын. Тіркеу нөмірі: № РК-ЛС-5№025017, өндіруші: Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед (Үндістан), сериясы: BSE92301A, жарамдылық мерзімі: 2026 жылдың шілдесіне дейін", – деп жазылған бұйрықта.
Фармацевтикалық қызметті жоспардан тыс бақылау басқармасына осы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшелерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын" және "СК-Фармация" мекемесін жазбаша хабардар ету тапсырылды.
Сараптама ұйымы аталған дәрілік препаратқа берілген сертификатты кері қайтарып алуы тиіс.