Осыған орай Қазақстанда Су ресурстарын реттеу, қорғау мен пайдалану жөніндегі комитет құрылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаңа құрылым Республиканың су ресурстары және ирригация министрлігінің құрамында болады.
"Ферғана" агенттігі хабарлағандай, құрылған комитет суды заңсыз пайдаланумен және оны есепке алу деректерінің бұрмалануымен, сондай-ақ елдің су объектілеріндегі құқыққа қайшы шаруашылық қызметпен күресетін болады.
"Министрлік суды заңсыз пайдаланумен күресті ерекше бақылауға алады. Жаңа комитеттің жұмысы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және елдің су ресурстарын қорғауға бағытталған. Біз заңнамаға енгізген өзгерістермен бірге бұл судың "көлеңкелі нарығына" қарсы күресті едәуір күшейтуге тиіс", — деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Өткен күзде бұрынғы Қазақстанның экология және табиғи ресурстардың министрі Зульфия Сүлейменова ведомстводағы жұмысын қорытындылай келе, вегетациялық кезеңде елдің оңтүстік өңірлеріндегі судың "көлеңкелі нарығы" шамамен 5 млрд теңгеге ($11 млн-нан астам) бағаланатынын мәлімдеді.
Суды ұрлау, нақты пайдаланылған суармалы жерлер туралы сенімді деректердің болмауы, сондай-ақ сорғылардың арналар мен су нысандарына заңсыз қосылуы судың шамадан тыс, заңсыз пайдаланылуына әкеліп отыр.
Осы жылдың қаңтар айында қазіргі министр Нұржан Нұржігітов судың "қара нарығына" қарсы күрес мәселесін тағы да көтерді. Ол, атап айтқанда, су тұтынушылардың жауапкершілігін арттыратын түзетулер енгізу арқылы заңнаманы өзгертуді ұсынды.