Қазақстанда биылғы жылдың үш айында 6,8 мыңнан астам интернеттегі алаяқтық фактілері тіркелді, деп мәлімдеді ҚР ІІМ Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.
"Соңғы бірнеше жылда бүкіл әлемде де, Қазақстанда да интернетті қолданумен байланысты қылмыстар саны көбейді, оның ішінде интернеттегі алаяқтық. Үстіміздегі жылдың үш айында ішкі істер органдарында осындай 6824 қылмыс тіркелді",– деді Қанат Нұрмағамбетов брифингте, деп inbusiness.kz Интерфакске сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, алаяқтар әлеуметтік желілерді пайдаланады, сонымен қатар Интернетте жалған жарнамалар орналастырады, "жалған" парақтар мен сайттар ашады.
Сондай-ақ мұндай алаяқтықтардың көпшілігі "трансшекаралық сипатта", яғни басқа аймақта немесе басқа елде жүрген адамға қарсы жасалатындығы айтылды.