Қазақстанда үш көліктің екеуінің қолданылған уақыты 10 жылдан асып кеткен

822

Қолданыс мерзіміне 10 жыл асып кеткен көліктерді тіркеу деңгейі де кейінгі жылда 2,1 пайызға өсіп, олардың саны 2,6 миллионға жетті. 

Қазақстанда үш көліктің екеуінің қолданылған уақыты 10 жылдан асып кеткен

Елдегі ең "кәрі" автопарктер Алматы, Жамбыл мен Павлодар облыстарына тиесілі, деп хабарлайды ҚазАқпарат finprom.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Көліктері ескіріп кеткен көш соңындағы үш өңірдегі 10 автокөліктің сегізі пайдаланылғанына 10 жылдан асып кеткен. Жалпы, Қазақстанда 2020 жылдың сәуірінің аяғына дейін 3,9 млн көліктің тіркелгені хабарланып отыр. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2 пайызға аз.

"Тіркелген көліктердің 94,6 пайызы жеке адамдарға тиесілі. Бұл санаттағы көліктердің саны бір жылдың ішінде 0,7 пайызға азайып, 3,7 миллион дананы көрсетті. Заңды тұлғаларға 213,7 мың көлік тиесілі. Бұл – өткен жылдың сәуірімен салыстырғанда 8,2 пайызға көп. Бензинмен жүретін автокөліктердің үлесі 87,2 пайыздан 88,9 пайызға ұлғайды. Дизель отынымен жүретін автокөліктердің саны 2,1 пайыздан 1,9 пайызға азайды", – деп жазды finprom.kz.

Көліктердің шығарылған жылы бойынша қолданыс мерзімі 10 жылдан асып кеткен көліктердің саны әлі де көп. Олардың үлесі жалпы көліктердің 63,5 пайызынан 65 пайызына теңескен.

Сонымен бірге пайдаланғанына 3 жыл толмаған көліктердің үлесінің де 10,2 пайыздан 11 пайызға артқаны белгілі болып отыр. Ал қолданыс мерзімі 3 жылдан 10 жылға дейінгі көліктердің саны да, жалпы көліктердің ішіндегі үлесі де азайып келеді.

"Қолданыс мерзіміне 10 жыл асып кеткен көліктерді тіркеу деңгейі де кейінгі жылда 2,1 пайызға өсіп, олардың саны 2,6 миллионға жетті. Қазақстанның өңірлері бойынша "ескі көлік сайысында" 395,6 мың (+1%) көлікпен Алматы облысы көш басында тұр. Оның ізінше Алматы қаласы (250,4 мың (–0,8%) мен ШҚО (217,3 мың (–14,8%) орналасқан. Ескі автокөліктердің ең жоғары концентрациясы Алматы облысында (79,4%), Жамбыл облысында (78,9%), Павлодар облысында (78,2%) шоғырланған", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу