"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізілмек.
Оған келесі кәсіби мерекелерді қосу ұсынылып отыр:
- 16 сәуір – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні;
- 9 қыркүйек – Қазақстан кәсіпкерлері күні;
- 19 желтоқсан – жарнама маманы күні.
Қаулыға толықтыру енгізу туралы құжаттар Ашық НҚА сайтында жарияланған. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні туралы құжатты қоғамдық талқылау мерзімі – 2 тамызға дейін. Ал кәсіпкерлер мен жарнама мамандарының күні туралы құжатты талқылау мерзімі 8 тамызға дейін деп көрсетілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу