Қазақстанда ұшақпен қатынайтын жолаушылар көбейді

920

Қазақстанда ұшақпен қатынайтын жолаушылар көбейді

Қазақстанда ұшақпен қатынайтын адамдар саны жылдан-жылға ұлғаюда. Ал пойызбен жүретін жолаушылар саны кемуде, деп хабарлайды finprom.kz.

2017 жылдың алғашқы төрт айында ұшақпен қатынағандар саны өткен жылдың балама уақытымен салыстырғанда 249 мыңға көп.

Бұндай көрсеткіш қатарынан үш жыл байқалып отыр. 2015 жылы теміржол транспортымен жүрген жолаушылар 1,4 млн-ға кемісе, 2016 жылы 3,8 млн-ға азайған.

Алайда, жыл өткен сайын елімізде ішкі миграция өсіп келеді. Бір қаладан екінші қалаға қатынайтын жолаушылар саны артуда. Олардың басым бөлігі пойызға мінеді. Ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында ұшақпен 1,9 млн адам қатынаса, пойызбен 6,7 млн адам жолаушылаған. Ұшақ әлі де болса қарапайым адамдар үшін қол жетімсіз болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу