Қазақстанда ұшақты жиі қолданатын өңірлердің тұрғындары анықталды

110

Мұндай ақпаратты ҚР Ұлттық статистика бюросы таратты.    

Қазақстанда ұшақты жиі қолданатын өңірлердің тұрғындары анықталды Фото: tavairports.com

Бюроның ресми мәліметіне сүйенсек, елімізде 3 өңірдің тұрғындары ұшақпен жиі ұшады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында тасымалданған жалпы жолаушылар саны 3,4 миллион адамды құрайды. Оның басым бөлігі негізгі үш қалаға тиесілі.

Олар:

  1. Алматы қаласы – 1,35 миллион адам (40%);
  2. Астана қаласы – 944,5 мың адам;
  3. Шымкент қаласы – 345 мың адам.

Республикамыздағы үш мегаполистің есебін қосқанда елдегі барлық жолаушылардың шамамен 77 пайызын құрайды.

Ал, тек өңірлерді алғанда:

  1. Маңғыстау облысы – 147 мың;
  2. Атырау облысы – 139,7 мың;
  3. Ақтөбе облысы – 111 мың.

Алматы облысы мен Ақмола облысындағы ұшу көрсеткішінің аз болу себебі бар. Жергілікті тұрғындар Алматы мен Астана қалаларының көліктік инфрақұрылымын тікелей пайдаланады. 

Сонымен қатар жаңадан құрылған Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының көрсеткіштері әзірге орташа немесе төмен деңгейде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу