Қазақстанда ұсталған қырғыз депутаты қос елдің де азаматы болып шықты

811

Қазақстанда ұсталған қырғыз депутаты қос елдің де азаматы болып шықты

Қазақстандық күш құрылымдары өткізген арнайы операция кезінде Қырғыздың Жогорку Кенеш депутаты Дамирбек Асылбек уулу да ұсталған болатын. Қазақстан тарабы Қырғызстан сыртқы істер министрлігіне ұсталған депутаттың қос елдің де азаматы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Қырғызстан заңнамасына сәйкес екі елдің азаматтығын алған адам депутат бола алмайды.   

Депутаттың партияластары Асылбек уулу "Қырғызстан" парламенттік фракциясының белсенді мүшесі екенін, бауырлас екі елдің атынан күрестен жарыстарға қатысып, спорттың осы түрінің дамуына үлкен үлес қосқанын айтады.

Бұдан бұрын белгілі болғандай, жақында Қазақстанда контрабандамен күрес шарасы аясында арнайы ірі операция жүргізіліп, 29 күдікті ұсталған болатын. Қазақстанның бас прокуратурасының ақпаратынша, ұсталғандар арасында кеден мен құқыққорғау органдарының лауазымды тұлғалары, брокерлер, делдалдар мен қылмыстық топ өкілдері, сондай-ақ Қырғызстанның екі азаматы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу