Қазақстанда үстіміздегі жылы 200-ден астам полицей істі болған

1138

Қазақстанда үстіміздегі жылы 200-ден астам полицей істі болған

Биыл заңның "ала жібін аттаған" 200-ден астам полиция қызметкері сотталды. Бұл – соңғы он айдың көрсеткіші. Былтыр да дәл осындай статистика тіркелген, деп хабарлайды 24 Хабар.

Жалпы ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңеске тәртіп сақшыларына қатысты жыл сайын 10 мыңдай шағым түседі. Полицейлердің заңсыз әрекеттеріне байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мәліметтердің нәтижесінде қызметтік тексеріс жүріп, оның қорытындысы бойынша өткен жылы 92, ал биыл 50 адам жазаға тартылды. Бүгін бұл туралы журналистерге Қоғамдық кеңес мүшелері мәлімдеді.

"Полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне, қоғамдық тәртіпті бұзған полиция әрекетеріне келіп түседі шағымдар. Өздері әлеуметтік жағдайына байланысты соттың шешімдері заңды күшіне енбей жатып, тергеу бітпей жатып, жұмыстан шығарып жатқанға байланысты шағымдар түседі", – Ішкі істер органдарының қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшесі Бақтияр Бүлеулиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу