Қазақстанда ұялы байланыс үшін баға көтерілді

1020

Қазақстанда ұялы байланыс үшін баға көтерілді

Қазақстанда ұялы байланыс айтарлықтай қымбаттады, сонымен бірге бес жылдан бері төмендеп кеткен елдегі ұялы байланыс операторларының қызмет көрсету көлемі артты, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Төрт ай ішінде операторлар 73,1 миллиард теңгеге қызмет көрсеткен, бұл былтырғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,3 пайызға көп. Оның 71%-ға жуығы – халыққа көрсетілген қызмет, жалпы сома 51,8 миллиард теңге. Бұл былтырғы көрсеткіштен 2,8 пайызға артық.

Ranking келтірген статистикаға сүйенсек, 2013-2017 жылдар аралығында сегментте құлдырау байқалған.

Сарапшылардың сөзіне сүйенсек, қызмет көрсетулер көлемі абоненттер санының артуы мен бағаның қымбаттауы салдарынан көбейіп отыр.

Биыл көктемде ірі үш байланыс операторының екеуі — Tele-2 мен Beeline — қызмет көрсету тарифтерін 10 пайыздан аса көтерді.

"Абоненттерге қызмет көрсетудің қымбаттайтыны айтылды. Абоненттік төлем қымбаттап, ұялы интернет-пакеттің ұлғайғандығы да хабарланды. Бұрынғы трафик көлемін сақтап қалғысы келсе де, қазақстандықтарда таңдау болмады", — дейді сарапшылар.

Биыл сәуірде Қазақстанда 26 миллион ұялы байланыс абоненті тіркелген. 50%-дан астамы интернет пайдаланады. 100 қазақстандыққа шаққанда 146 sim-картадан келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу