Қазақстанда “Уылдырық” науқаны басталды

657

5 сәуір мен 5 маусым аралығында “Уылдырық” балыққорғау науқаны өткізіледі.

Қазақстанда “Уылдырық” науқаны басталды Фото: inform.kz

Уылдырық шашу кезеңінде балық қорының түрлерін сақтау мақсатында экология және табиғи ресурстар министрлігімен елімізде балыққорғау науқаны өткізіледі, деп хабарлайды  inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Республиканың әр облысында өңірлік ерекшеліктерін ескере отырып тыйымның мерзімдері белгіленген. 

Құзырлы мемлекеттік органдардың қызметкерлері тыйым салынған кезде балық аулау, балық өнімдерін заңсыз сатып алу және сату, алып жүру фактілерін анықтауға назар аударады. Аталған тыйымды бұзғаны үшін заңмен 10 нан 40 АЕК көлемінде айыппұл ретінде әкімшілік жауапкершілік (ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы) және 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру ретінде қылмыстық (ҚР ҚК-нің 335-бабы) жауапкершілік қарастырылған. 

Ішкі істер министрлігі азаматтарды табиғатқа қамқор болып, бекітілген балық аулау қағидаларын сақтап заңды бұзбауға шақырады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу