Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, Қазақстанда вакцина алған 482 адам коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Биылғы жылдың 1 ақпанынан тамыздың соңына дейін елімізде 482 вакцинацияланған адам қайтыс болды. Бұл толық егілгендер. Бұл коронавирустан қайтыс болғандардың жалпы санының шамамен 5%-ы", – деді министр.
Бұл ретте өлім-жітімнің көбі шілде-тамыз айларында тіркелген.
"Сонымен қатар біз қайтыс болған азаматтардың басым бөлігі вакцинацияланбағанын байқап отырмыз. Мен бұған назар аударуды сұраймын", – деп қорытындылады Алексей Цой.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу