Қазақстанда вакцина алғаннан кейін 115 адам індеттен көз жұмды – Цой

1107

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың өзі бұл мәліметті ОКҚ алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Қазақстанда вакцина алғаннан кейін 115 адам індеттен көз жұмды – Цой

"Коронавирус инфекциясынан 4 969 адам, оның ішінде вакцина алған 115 адам қайтыс болды. Яғни, бұл жалпы қайтыс болғандардың 2,5 пайызы. Қайтыс болғандардың басым бөлігі, 97,7 пайызы вакцина алмағандар. Бізде өңірлер ішінде де мәліметтер бар. Вакцина алғанымен қайтыс болған адамдарда созылмалы аурулары болған. Дәл осы жайт олардың жай-күйлерінің нашарлауына және өмірден озуына себеп болған", - деді министр.

Оның айтуынша, созылмалы аурулары бар азаматтарға вакцина алуға кеңес беріледі. Өйткені олар қатер төнетін топқа жатады. Әйтсе де министр қайтыс болған азаматтардың басым бөлігі вакцина алмағанын тағы еске салды. Күрделі аурулардың барлығы семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамыр жүйесіндегі, тыныс алу жүйесіндегі ауруларға байланысты болып отыр.

"Қазақстанда вакцинадан кейін 115 адам қаза тапты. Ақмола облысында – 2, Ақтөбе облысында – 5, Алматы облысында – 3, Алматыда – 17, Атырау облысында – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Жамбыл облысында – 6, Батыс Қазақстан облысында – 4, Қарағанды облысында – 9, Қостанай облысында – 1, Қызылорда облысында – 2, Маңғыстау облысында – 2, Нұр-Сұлтанда – 32, Павлодар облысында – 2, Солтүстік Қазақстан облысында – 1, Түркістан облысында – 0, Шымкент қаласында 27 адам", - деді Алексей Цой.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу