Қазақстанда вакциналаудың арқасында індет жұқтыру көрсеткіші екі есе төмендеді

673

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакциналау үрдісі елдегі эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына жағымды әсер етіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанда вакциналаудың арқасында індет жұқтыру көрсеткіші екі есе төмендеді

"Елімізде кейінгі кезде вакциналау қарқыны үдеп келеді. Өткен аптада вакцина алғандардың саны 250 мың адамнан 405 мың адамға артты. Біз вакциналаудың тиімділігіне талдау жүргізіп көрдік. Осы жылдың сәуір айынан бастап  маусымға дейін вакцина алғандардың санының 1,3 млн адамнан 3,2 млн адамға дейін өсуіне байланысты індет жұқтыру жағдайларының екі есе азайғаны байқалады. Осыған байланысты дельта штамы анықталған күнде де вакциналау эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына жағымды жағынан әсер етіп жатқанын атап өту керек", - деді Алексей Цой бүгінгі Үкімет отырысында.

Айта кетсек, 2021 жылғы 29 маусымдағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 3 246 795 адам вакцина салдырған. II компонент 1 954 372 адамға егілген.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу