Қазақстанда вакциналаудың жалған паспортын жасайтын адамдарға жаза күшейеді

572

Тиісті тапсырманы жауапты органдарға бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев берді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Қазақстанда вакциналаудың жалған паспортын жасайтын адамдарға жаза күшейеді

"Вакцинаны тасымалдау мен сақтаутың барлық аспектісін ойластыру керек. Өкінішке қарай, кейінгі мәліметтер аймақтардың бәрі де бұл жұмысты тиісті деңгейде ретке келтіре алмады. Жекелеген өңірлерде вакцинаны сақтау температурасының режимі бұзылғаны  анықталды. Бұл оның тиімділігінің төмендеуіне себеп болды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте.

Осы ретте ІІМ жанындағы Ведомствоаралық комиссияға қоғам өкілдері мен халықтан түсетін барлық ақпарат бойынша жіті жұмыс жүргізу тапсырылды.

"Вакциналаудың жалған паспортын жасайтын адамдарға жазаны қатайтуды тапсырамын. Мен бұрын бұл мәселені кеңейтілген отырыста көтергенмін. Бұл жерде әңгіме елдің ұлттық қауіпсіздігі туралы болып отыр",  деді ол.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу