Қазақстанда вейпке мүлде тыйым салынуы мүмкін

1070

Respubliсa партиясы үкіметтің вейптерге толығымен тыйым салу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда вейпке мүлде тыйым салынуы мүмкін Фото: inbusiness.kz

"2023 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Respublica партиясының фракция мүшесі Нұргүл Тау еліміздің Премьер-Министріне депутаттық сауал жолдаған болатын. Сауал қазақстандықтардың балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында вейптердің таралуын тоқтатуды талап еткен үндеулеріне негізделген", - делінген хабарламада.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, соңғы екі жылда вейптер айналымы 300 есеге өскен. Соңғы бірнеше жылда балалар мен жасөспірімдердің вейптерді тұтынуы айтарлықтай өскен және 2,5 жыл ішінде елімізге 3 миллионға жуық вейп әкелінген.

Вейптердің зияны даусыз. Одан бөлінетін будың құрамында аллергиялық реакцияларды, іріңді процестерді, бауыр мен бүйрек қызметін бұзуды тудыратын қауіпті заттардың 2 000 астам түрі бар. Тыныс алу мүшелері, орталық жүйке жүйесі зақымдалады, мутагендік процестер дамиды. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылдан бастап вейптерді сатуға тыйым салу мәселесін көтеріп келеді.

"Мен өз сауалымда вейптерді сатуға толық тыйым салуды ұсындым. Балалардың денсаулығы мен тағдыры үшін күрес өз нәтижесін берді! Кеше бірауыздан дерлік (12 қарсы 2) ведомствоаралық комиссия мүшелері вейптерді сатуға, әкелуге, экспорттауға және өндіруге толық тыйым салуды енгізуге дауыс берді", – дейді Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу