Қазақстанда вирус жұқтырғандардың 28%-ы медициналық қызметкерлер

735

Денсаулық сақтау министрі дәрігерлер арасында COVID-19-ды жұқтыру көрсеткіші неліктен жоғары екенін түсіндірді.

Қазақстанда вирус жұқтырғандардың 28%-ы медициналық қызметкерлер

Елжан Біртановтың айтуынша, оның басты себебі дәрігерлердің жаппай скринингтен өтуі. Яғни, барлық дәрігерге тестілеу жүргізілген. Осы процедураның арқасында елде 820 медицина қызметкерінен дерт анықталды. Олардың 116-ы емдеу жүргізу барысында виру жұқтырған, деп хабарлайды Atameken Business.

Сондай-ақ, Біртанов  Еуропада вирус жұқтырғандардың 16%-ы денсаулық сақтау қызметкерлері екенін жеткізді. Ал, Қазақстанда бұл көрсеткіш 28%-ы құрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу