Қазақстанда "ВКонтакте" әлеуметтік желісінің өкілдігі ашылады

906

Бұған дейін компания Екатеринбург, Казань және Нижний Новгород қалаларында кеңселерін ашқан болатын.  

Қазақстанда "ВКонтакте" әлеуметтік желісінің өкілдігі ашылады

"Вконтакте" компаниясының жаңа өкілдігі 2020 жылдың басында ашылмақ.

Жергілікті авторлармен, медиа және бизнес өкілдерімен қарым-қатынас жасау, VK жобаларын дамыту және контентті тұтыну ерекшеліктерін талдауды Олжас Салмурза атқаратын болады.

Бұған дейін ол Tengrinews.kz порталының SMM-редакциясын басқарып, Yvision.kz платформасының блогерлері мен редакциясымен жұмыс істеген.

Айта кетейік, бұған дейін "ВКонтакте" Екатеринбург, Казань және Нижний Новгород қалаларында кеңселерін ашқан болатын. Қазір әлеуметтік желінің өкілдері жергілікті авторлар, компаниялар мен медиа орталықтармен бірлесе жұмыс атқаруда.

 Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу