Қазақстанда Ядролық физиканы (радиохимияны) дамыту жөніндегі кеңес құрылды. Тиісті құжатқа Премьер-Министр 27 қыркүйекте қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кеңес құрамына мынадай лауазымды тұлғалар кіреді:
Энергетика министрі, төраға;
Ғылым және жоғары білім министрі, төраға орынбасары;
Энергетика вице-министрі, хатшы;
Сенат депутаты;
Ауыл шаруашылығы вице-министрі;
Денсаулық сақтау вице-министрі;
Көлік вице-министрі;
Қаржы вице-министрі;
Сыртқы істер министрінің орынбасары;
Ұлттық экономика вице-министрі;
Цифрлық даму, инновациялар жне аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі;
Үкімет Аппараты әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі;
"ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" РМК Ядролық медицина орталығының жетекшісі (келісімі бойынша);
"ҚР Ұлттық ядролық орталығы" РМК бас директоры (келісімі бойынша);
"Ядролық физика институты" РМК бас директоры (келісімі бойынша).
Ядролық физиканы (радиохимияны) дамыту жөніндегі кеңес Үкімет жанындағы консультативтік-кеңес органы саналады. Кеңестің мақсаты – ядролық физиканы (радиохимия) дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгін бағыттарын әзірлеу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау.