Қазақстанда "Яндекс.Такси" қызметіне қатысты тергеу басталды

678

Қазақстанның бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) "Яндекс.Такси" қызметін тергеуді бастады, оған компанияның тариф белгілеуіне келіп түскен шағымдар себеп болды.

Қазақстанда "Яндекс.Такси" қызметіне қатысты тергеу басталды

Ведомство төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов хабарлағандай, егер компанияның қойған бағасы шынымен жоғары деп танылса, арнайы шара қолға алынып, компания комиссияны төмендетуге тиіс болады, деп жазады Inbusiness.kz.

Агенттіктің мәліметінше, "Яндекс.Такси "17-20% комиссия алатынымен қоймай,  жаңбыр, қар жауса немесе мереке күндері жоғары сұранысты ескергеннің өзінде, бағаны тым шарықтатып жібереді.

"Олар біздің нарықта бәсекелестік барын ұмытпауы керек. Мысалы, InDriver сынды такси қызметін ұсынатын компанияларды айтуға болады", — деп қосты БҚДА басшысының бірінші орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу