Қазақстанда заң қабылдаудың жаңа тәртібі 2023 жылы енгізіледі

1243

Бұл туралы арнайы брифингте ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанда заң қабылдаудың жаңа тәртібі 2023 жылы енгізіледі

Оның айтуынша, елімізде заң қабылдаудың жаңа тәртібі енгізіледі. Яғни алдағы уақытта құқықтық нормаларды Мәжіліс қабылдайды, Сенат мақұлдайды. 

Бұл жаңашылдық 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. 61-бапқа сәйкес бұл конституциялық заң жобаларын да, жай заң жобаларын да қабылдау рәсіміне қатысты болады. 

"Лауазымды адамдарға өкілеттіктер беруді белгілейтін ҚР Конституциясының нормалары – егер ҚР конституциясында басқасы көзделмесе, осы лауазымды адамдар өкілеттігі мерзімінің аяқталуына немесе өкілеттіктерінің толық тоқтауына қарай қолданысқа енгізіледі. Мысалы, Сенаттағы Президент тағайындайтын 15 депутат мерзімі аяқталғанға дейін өз өкілеттіктерін сақтайды. Сондай-ақ Конституциялық сот пен Жоғары аудиторлық палата нормаларына келетін болсақ, Конституциялық сот пен Жоғары аудиторлық палата құрылғанға дейін Конституциялық кеңес пен Есеп комитеті өз жұмысын жалғастырады", – деді Әділет вице-министрі.

Еске сала кетсек, сәуір айында Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Нұрмұханов енді заң қабылдау құқығы Мәжіліске тиесілі болатынын хабарлаған еді. Ал бұған дейін заң жобасы төменгі палатада мақұлданып, сосын Сенат қарап қабылдайтын.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу