Қазақстанда Заң қызметтері басшыларының лигасы құрылды

800

АХҚО сотының судьялары, сэр Руперт Джексон және Том Монтагю-Смит QC Лиганы құру жөніндегі бастаманы қолдап, бірінші отырысқа құрметті қонақ ретінде қатысты.

Қазақстанда Заң қызметтері басшыларының лигасы құрылды

Нұр-Сұлтан қаласында Заң қызметтері басшылары лигасының құрылтай отырысы өтті. Лига АХҚОсСотының, Халықаралық төрелік орталықтың және SIGNUM заң фирмасының бастамасы бойынша Қазақстан мен Еуразия елдерінің құқықтық департаменттері мен заң қызметтерінің жетекші басшыларының кездесулерін өткізу, олардың жұмысына және тиісті заңдық және іскерлік тәжірибелеріне қатысты өзекті мәселелерді талқылау үшін платформа ретінде құрылды, деп хабарлайды АХҚО баспасөз қызметі.

АХҚО сотының судьялары, сэр Руперт Джексон және Том Монтагю-Смит QC Лиганы құру жөніндегі бастаманы қолдап, бірінші отырысқа құрметті қонақ ретінде қатысты.

"Заң қызметі басшыларының лигасын құру идеясы бұрыннан қалыптасқан, клиенттерімізбен тығыз жұмыс істей отырып, біз таңдаулы корпоративтік заңгерлер үшін салааралық өзара іс-қимыл және ынтымақтастық мәселелерін талқылай алатын, Қазақстанның бизнес-қоғамдастығында трендтер қалыптастыра алатын, тәжірибелерімен және білімімен бөлісе алатын белгілі бір платформа құру қажеттілігінің қаншалықты өткір екендігін түсіндік. Біз осы үлкен жобаның бір бөлігі болғанымыза өте қуаныштымыз, ол еліміздің заң қоғамдастығына да, жалпы Қазақстан бизнесіне да көп пайда әкеледі деп сенім білдіреміз. Сондай-ақ АХҚО мен ХТО Сотына осы бастаманы қолдағаны үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді", – деді жиында Signum заң фирмасының басқарушы серіктесі София Жылқайдарова.

Бұл бірегей платформа оның қатысушыларына тәжірибе мен білім алмасуға мүмкіндік береді және іскерлік тәжірибенің тиімділігін арттыру үшін инновациялық идеялар мен шешімдерді әзірлеуге ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу