Қазақстанда заңсыз алтын қазғандарға жауапкершілік күшейтіледі

842

Мәжілісте әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін өзгерістер жобасы талқыланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz

Қазақстанда заңсыз алтын қазғандарға жауапкершілік күшейтіледі

"Қауіпті өндірістік нысандарға заңсыз кіруге және құрамында алтын бар кендерді заңсыз өндіруге байланысты проблема көп. Бұл мәселе ұзақ уақыт бойы шешілмей келеді. Осының салдарынан мемлекет пен бизнестің экономикасы зардап шегіп, адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіріліп жатыр", дейді заң жобасын бірінші оқылымда қорғаған Мәжіліс депутаты Гүлнар Бижанова бүгінгі отырыста.

Оның айтуынша, осы проблемаға байланысты депутаттар күзетілетін нысанға заңсыз кіргені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуге бастама жасап отыр.

"Осыған байланысты Кодекстің 506-бабының диспозициясына әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік ара-жігін ажырату үшін нақтылау енгіз керек", деді ол.

Аян Бекенұлы

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу